Басқарма мамандары әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Qarmet» металлургиялық комбинатына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы басқарма мамандарымен бірлесе Теміртау қаласындағы «Qarmet» АҚ-ның өндіріс нысанына барды. Кәсіпорында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарының орындалуын зерделеп, көрнекі ақпараттың жазылуын бағдарлады.

Айта кетейік, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тіл саясатын жүзеге асыру аясында мемлекеттік мекемелермен, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізумен қатар, өндіріс орындарында да «Тіл туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалысын назарға алды. Кәсіпорын мамандарына әдістемелік көмек көрсетуде.

Көрнекі ақпараттың сапалы әрі сауатты рәсімделуіне ерекше мән беретін басқарма мамандары «Qarmet» металлургиялық комбинатындағы хабарламалар мен нұсқағыштардың қазақ тілінде сауатты жазылуын назарға алып, өндіріс қарқынымен де танысты. Кәсіпорын іс қағаздарын жүргізуде, нұсқаулықтар әзірлеуде мемлекеттік тіл саясатын ұстануда. Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы бойынша сабақтарды да қазақ тілінде өткізеді.Өзге өндіріс нысандарымен салыстырғанда, аталмыш кәсіпорынның осы бағыттағы жұмысы,көрнекі ақпараты келіскен, көш ілгері. Алдағы уақытта да «Qarmet» АҚ-мен тіл заңнамасын орындау бағытындағы жұмыс жалғаса береді.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1223265?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді