БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАМАҚТАНУ САПАСЫ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАМАҚТАНУ САПАСЫ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2026 жылдың 14 мамыр күні аудандық білім беру бөлімінің тамақтану сапасына жауапты маманы Н.Мергалиева, әдіскер Б.Имангалиева және есепші Л.Мукатаева К.Мендалиев және Г.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру сапасы, асханалардың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы, азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сапасын растайтын құжаттарының болуы, күнделікті ас мәзірінің талапқа сәйкестігі және азық-түліктерді сақтау жағдайы қаралды.
Сонымен қатар асхана жұмысының құжаттамалары, тамақтану сапасын бақылау бағытындағы жұмыстар, қызметкерлердің санитарлық талаптарды сақтау деңгейі және қауіпсіздік нормаларының орындалуы назарға алынды.
Зерделеу аясында “ВетЛаб” жобасы бойынша жануарларды алдын ала ветеринариялық тексерусіз және ветеринариялық-санитарлық сараптамасыз союға жол бермеу бағытындағы жұмыстардың жүргізілуі де қарастырылды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы өнімдерді пайдалану мәселесіне ерекше мән берілді.
Зерделеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына бірқатар ұсынымдар беріліп, анықталған кемшіліктерді уақытылы түзету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету – басты назардағы мәселелердің бірі екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1223363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді