
Ақсуат ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 13 мамыр күні аудан мектептерінде “Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің” мамандары 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледжге емтихансыз, аттестаттың орташа балы негізінде оқуға түсу мүмкіндіктері түсіндіріліп, оқу орнындағы мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттердің жатақханамен және бір мезгіл тегін ыстық тағаммен қамтамасыз етілетіні атап өтілді.
Оқушылар мамандықтар жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Кездесу олардың болашақ мамандық таңдауы туралы білімдерін кеңейтіп, кәсіби бағдар алуына үлкен септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1223124?lang=kk

Жауап қалдыру