Халықаралық отбасы күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұрма ауылында Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Алтын құрсақты» аналар мен 61 жыл отасқан өнегелі ата-әже арнайы қонақ ретінде шақырылды. Көпбалалы аналардың еңбегі мен отбасы құндылығын сақтап келе жатқан ардақты қарияларға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды. Мұндай кездесулер ұрпаққа өнеге беріп, отбасы бірлігі мен сыйластықтың маңызын арттыра түседі. Ауыл тұрғындары мерекелік шарадан көтеріңкі көңіл-күй алып, ақжарма тілектерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-burma/press/news/details/1223518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді