
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Басқосуға аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері қатысып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына бағытталған жаңа мүмкіндіктермен танысты.
Кездесуді Келес ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша қоса атқарушы Ерлан Ибраимов ашып, жүргізді.
Жиында Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова 2026–2027 оқу жылына арналған магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау талаптарын түсіндірді. Оның айтуынша, Академияда білім алуға мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған «Оқырмандар клубы» және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған «AI-Qyzmet» жобалары таныстырылды.
Кездесуде сөз алған Ерлан Ибраимов бұл бастамалардың мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды екенін атап өтті.
— Мемлекеттік қызметші әрдайым ізденісте болып, білімін жетілдіріп отыруы қажет. Бүгін таныстырылған бағдарламалар кәсіби біліктілікті арттырып, заман талабына сай жұмыс істеуге мол мүмкіндік береді, – деді ол.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мұндай бастамалардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1223046?lang=kk

Жауап қалдыру