
Өткен жылдың желтоқсан айында Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмысының жолын кесті.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Атырау қаласының 46 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктіні жеке тінту кезінде одан 2,6 келі кептірілген марихуана тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталған азаматтың облыс аумағында есірткі заттарын өткізумен айналыспақ болғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша көлік полицейлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.
Атырау қаласының №2 мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті тарапынан есірткіге қатысты 156 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 35 есірткі өткізу фактісі, 15 контрабанда дерегі және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне байланысты 2 дерек тіркелген.
Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 23 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1223481?lang=kk

Жауап қалдыру