Маңғыстау облысындағы қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның Мұнай дайындау және айдау цехында аварияларды жою жоспарына сәйкес оқу дабылы ұйымдастырылды. Оқу дабылы барысында сала мамандары мен жедел қызметтер «Химиялық реагенттерді құю станциясында деэмульгатордың тұтануы» жағдайында авариялық ахуалдың салдарын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Ахан Арманович Телманов қатысты. Оқу дабылының барысын Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері де бірлесіп қадағалады. Қорытындысы бойынша тартылған күштер мен құралдардың авариялық жағдайларға ден қоюға және олардың салдарын жоюға әзірлік деңгейі бағаланды.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1223333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді