
Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік гранттар қайтарымсыз негізде бір кәсіпкерге 5 млн. теңгеге дейін беріледі.
Кімдер қатыса алады:
– әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
– «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.
Міндетті шарттардың бірі – жоба бойынша грант сомасының кемінде
20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландырудың болуы. Сонымен қатар кәсіпкер жаңа жұмыс орындарын ашуды, дайын бизнес-жобаның, инвестициялық жоспардың және жобаны іске асыруға қажетті инфрақұрылымның болуын қамтамасыз етуі қажет.
Гранттарға қатысу және оларды алу шарттары бойынша консультацияларды Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 (облыс әкімдігі ғимараты), тел.: +7(7152)36-13-62.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1223175?lang=kk

Жауап қалдыру