
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға субұрқақтардағы суға түспеу қажеттігін ескертеді.
Өйткені:
1. Субұрқақтар – бұл қаланы абаттандыру элементтері. Олар ауаны ылғалдандырады, аймаққа эстетикалық көрініс береді және шомылуға арналмаған;
2. Субұрқақтар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды мақсатына сай емес, яғни ыстық ауа-райында шомылу үшін пайдалану адам ағзасы үшін қауіпсіз емеc;
3. Пайдалану процесінде субұрқақтағы су жиі жаңартылмайды, жүзуге және спортпен шұғылдануға арналған бассейндерге қойылатын талаптар бойынша тазартылмайды және зарарсыздандырылмайды, сонымен қатар, жоғары ауа температурасы микроорганизмдердің көбеюіне де ықпал етеді;
4. Субұрқақтағы суға түскенде суық тигізіп қана қоймай, басқа да ауруларды жұқтыру қаупі бар. Субұрқақта шомылу жедел ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға, конъюнктивитке әкелуі мүмкін, ал басты қауіп – энтеровирустық, ротавирустық инфекциялар, А вирустық гепатиті.
5. Субұрқақта құлап, жай жарақат қана емес, сонымен қатар, электр жарақатын алу мүмкіндігі бар, өйткені субұрқақтар әртүрлі коммуникациялар және жарықтандырулармен қамтамасыз етілген.
Субұрқақтарда түрлі ауруды жұқтырмас үшін және жарақат алмас үшін ересектер мен балалар сақтық шараларын білуі және соны сақтауы қажет.
Денсаулығыңызды сақтаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1223416?lang=kk

Жауап қалдыру