«ОТЫРАР – ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТҮН»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні» акциясы өтті

2026 жылғы 18 мамыр күні Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы ұйымдастыруымен, Отырар ауданы әкімдігі, Отырар аудандық мәдениет бөлімі және Отырар спорт клубы МКМ қолдауымен Халықаралық музей күніне орай «ОТЫРАР – ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТҮН» тақырыбында дәстүрлі «Музей түні» акциясы жоғары деңгейде өтті.

Мәдени іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраны насихаттау, музей ісінің маңызын арттыру, көне Отырар өркениетінің тарихи құндылығын кеңінен таныстыру және жастардың тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын дамыту.

Іс-шараның ашылу салтанатында Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмахан Айдос Құлмаханұлы, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жандосов Айбек Кыстаубаевич құттықтау сөз сөйлеп, музей саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді Халықаралық музей күніне орай Алғыс хаттармен және музей-қорықтың 45 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттады.

Сонымен қатар, арнайы қонақ — тарих ғылымының докторы, археолог-ғалым Мадияр Елеуов қатысушыларды мерекемен құттықтап, көне Отырар мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында келушілер музей экспозицияларымен танысып, арнайы экскурсиялар арқылы Отырар алқабының археологиялық және этнографиялық мұраларын тамашалады. Кеш аясында театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, тақырыптық көрмелер, қолөнер бұйымдарының көрмесі, фотозоналар ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.

Сондай-ақ ұлттық ойындар өткізіліп, ләңгі тебу, қол күрес, гір тасын көтеру сынды сайыстар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық бағдарламалар мен тарихи викториналар да ұйымдастырылып, келушілер музей қорында сақталған құнды жәдігерлер туралы мол мағлұмат алды.

«Музей түні» акциясы тарих пен мәдениетті ұлықтайтын тағылымды рухани алаңға айналып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1222936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді