Қарағанды облысында ведомствоаралық сүңгуірлер курсы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Приозерск қаласындағы құтқару бөлімшесінің базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сүңгуірлерін даярлауға арналған тренинг басталды.
Тренинг өткізу жоспарына сәйкес қатысушыларға қауіпсіздік техникасы және оқу кезеңіндегі тәртіпті сақтау қағидалары бойынша нұсқама жүргізілді. Алғашқы күні сүңгуір-құтқарушылар оқу-жаттығу базасымен, сабақ кестесімен және күн тәртібімен танысты.
Тренингке ҚР ТЖМ-нің 25 сүңгуір-құтқарушысы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 8 қызметкері қатысуда.
Приозерск қаласының құтқару станциясы дәстүрлі түрде сүңгуірлерді даярлау алаңына айналып отыр. Мұнда жыл сайын жиындар мен оқу сабақтары өткізіледі. Станция базасында теориялық және практикалық дайындықты ұйымдастыру үшін барлық қажетті тренажёрлар, оқу сыныптары, сондай-ақ техникалық бассейн мен Балқаш көлінің акваториясы бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1223119?lang=kk