Қазақстан ІІМ трансұлттық қылмысқа қарсы бірлескен шараларды күшейтуді ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі барысында трансұлттық қылмысқа, есірткі тасымалына, заңсыз көші-қонға және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту – тұрақтылық пен орнықты дамудың басты шарттарының бірі. Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов көлік-логистикалық байланыстардың кеңеюі мен көші-қон белсенділігінің артуы құқық қорғау органдары арасындағы үйлестіру жұмыстарын күшейтуді талап ететінін айтты.

— Бүгінде қылмыстық топтар есірткі тасымалын, қарудың заңсыз айналымын, адам саудасын және өзге де заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру үшін халықаралық көлік бағыттарын, цифрлық технологиялар мен көші-қон ағындарын белсенді пайдаланып отыр. Мұндай жағдайда жедел ақпарат алмасу, шекара маңындағы бірлескен іс-шараларды өткізу және құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеті айрықша маңызға ие. Мемлекеттеріміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін трансұлттық қылмыс арналарының жолын дер кезінде кесіп, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1222972?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді