Сайланған әкімге куәлік тапсыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 мамырда Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданының Байқоңыс ауылдық округінің сайланған әкімі – Қалиев Ербол Қасқырбайұлын тіркеді. Ерболат Қасқырбайұлы Қалиев тікелей сайлау нәтижесінде Байқоңыс ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Ерболат Қасқырбайұлы Қашыр ауданы Трофимовка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Трофимов жанар-жағармай құю станциясында жанармай құюшы болып бастады, одан кейін 2003 жылға дейін Осьмерыжск мұнай базасының операторы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап Павлодар облысының әртүрлі ауылдық округтерінде 9 жылдан астам әкім болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және ТКШ бөлімдерінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2018-2025 жылдары Павлодар мемлекеттік университетінде инженер, қауіпсіздік қызметінің басшысы, Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында бөлім басшысы, Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-terenkol/press/news/details/1223450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді