
2026 жылғы 18 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Н. Балғабековтің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.К. Айтуеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі профилактикалық іс-шаралар» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыптарында оқыту-түсіндіру семинары ұйымдастырылып өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі профилактикалық іс-шаралар» тақырыбындағы баяндама барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылып жатқан іс-қимылдардың негізгі бағыттары мен әдістері айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар мен қабылданып жатқан іс-қимылдар туралы ақпарат берілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы баяндамада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын орындау және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде әрі қызметтен тыс уақытта қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігі атап өтілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1223142?lang=kk

Жауап қалдыру