
Аудан орталығы — Ақсу-Аюлы ауылында Ұлы Жеңістің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын Отан үшін жан қиған батырлар рухына тағзым етуден басталды.
Қатысушылар «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі М.Мұхтарoв жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бейбіт күннің құндылығына тоқталды.
Жиынға мәслихат төрағасы С.Социал, ауданның мемлекеттік бөлім басшылары мен қызметкерлері, тыл ардагерлері, әскери қызметшілер, мектеп оқушылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1223131?lang=kk

Жауап қалдыру