🔰 «АДАЛ АЗАМАТ»: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭТИКА МЕН КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі. Қызметтік ортада кемсітушілікке, қорлауға, психологиялық қысым көрсетуге және жеке басына қолсұғушылықтың кез келген түріне жол берілмеуі тиіс.
 
🔹 Ұжымда өзара сыйластыққа, әділдікке және кәсіби әдеп нормаларын сақтауға негізделген қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру – тиімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтің кепілі. Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде әдептілік танытып, әріптестерінің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
 
🔹 Қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру қызметтік тәртіпті нығайтып қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1224151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді