🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІ БОЛДЫРМАУ МАҚСАТЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Еңбек қатынастарын цифрландыру жүйесін іске асыру мақсатында өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыс берушілері мен жауапты мамандарына еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімдеу тәртібінде, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар барысында орын алатын сәйкессіздіктер мен кемшіліктердің алдын алу бағытында практикалық көмек көрсетілді.
 
🔹 Кездесу барысында: қызметкерлердің жеке шоттарына аударылған міндетті зейнетақы жарналарының дұрыс есептелуі, төлемдердің уақытылы жүргізілуі және еңбек шарттарын электронды түрде тіркеу кезінде анықталған қателіктерді түзету жолдары түсіндірілді.
 
🔹 Атап айтқанда:
– еңбек шарттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу;
– ЕШЕАБЖ жүйесінде мәліметтерді дұрыс енгізу;
– міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудару;
– еңбек қатынастары саласындағы құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
 
🔹 Сондай-ақ, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және электронды еңбек қатынастары жүйесін тиімді пайдалану бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
 
🔹 Департамент алдағы уақытта да еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы практикалық түрдегі түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1223964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді