2026 жылдың 20мамырда әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 20мамырда әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінде аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің және кәсіподақтардың өкілдері қатысты. Отырысты аудан әкімінің орынбасары жүргізді.

 әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде еңбек заңнамасын сақтау, жалақыны уақтылы төлеу, міндетті әлеуметтік төлемдерді (МЗЖ, ӘТ, МӘМС) төлеу, сондай-ақ еңбек тәуекелдерін азайту және жұмысшылардың құқықтарының бұзылуының алдын алу шаралары қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, жауапты мемлекеттік органдар мен әлеуметтік серіктестерге тапсырмалар берілді. Бұл саладағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады.

Үш жақты комиссияның отырыстарын өткізу мемлекет, жұмыс берушілер және қызметкерлер арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға көмектеседі.

 

 

Бөлім басшысы                                                    Б. Әмрина

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1224656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді