
Қаражал қалалық мәслихатының XLIII кезектен тыс сессиясы табысты өтті!
29 сәуірде Қаражал қалалық мәслихатының XLIII кезектен тыс сессиясында қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Күн тәртібіндегі басты сұрақтар:
1)Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы сессиясының №332 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2)Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы сессиясының №350 «2026-2028 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3)Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/press/news/details/1224200?lang=ru

Жауап қалдыру