
Абай облысында ағза донорлығын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті
📍 2026 жылғы 19 мамыр күні ШЖҚ «ЖМЖА» КМК базасында Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының, сондай-ақ дін өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Іс-шараға Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттің имамы Сериков Қуаныш Файзоллаұлы және Абай облысы Семей қаласындағы Воскресенский кафедралды соборының кілт сақтаушысы, Семей шіркеу округінің благочинныйы протоиерей Роман Викторович Сычук қатысты.
Баяндама жасаған Абай облысының трансплантология бойынша үйлестірушісі Алибаева Галия Айтчановна:
«Қазақстандағы ағзалық донорлыққа діннің көзқарасы» тақырыбында сөз сөйледі.
Кеңес барысында діннің ағзалық донорлыққа көзқарасы, трансплантацияның рухани-адамгершілік аспектілері, сондай-ақ донорлықтың адам өмірін сақтап қалудағы маңызы талқыланды.
Қатысушылар халықтың ақпараттануын арттыру және ағзалық донорлық мәселелері бойынша дұрыс түсінік қалыптастыру мақсатында медицина қауымдастығы мен діни конфессиялар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-densaulyk/press/news/details/1224731?lang=ru

Жауап қалдыру