«Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету және мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша ұжымдық жиналыс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде ұжым қызметкерлерімен жиналыс өтті.

Жиналысты департамент басшысының орынбасары Б. Кемалов жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби этика, қызметтік тәртіп, сондай-ақ ұжымдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе «Адал азамат» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшінің әдебі, қоғам алдындағы жауапкершілігі және азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті жөнінде айтылды.

Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі екені атап өтілді. Қызметтік ортада кемсітушілікке, қорлауға, психологиялық қысым көрсетуге және жеке басқа қол сұғушылықтың кез келген түріне жол берілмеуі тиіс екендігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Өзара сенімге, әділдікке және кәсіби әдеп нормаларын сақтауға негізделген жұмыс ортасы мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететіні айтылды. Әрбір қызметкер өз қызметінде әдептілік танытып, әріптестерінің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екені ескертілді.

Жиналыс барысында еңбек тәртібін сақтау, қызметтік міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері де қозғалды. Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту әрбір қызметшінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты екені атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, оларды белгіленген мерзімде сапалы орындау міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1224267?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді