Ақтөбе облысы Полиция департаментінде «Музейге сый» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық музейлер күніне орай Ақтөбе облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарының тарихын сақтау және құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосқан қызметкерлердің есімін ұлықтауға арналған «Музейге сый» акциясы өтті.

Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қатысты. Қонақтар өңір полициясының тарихын бейнелейтін архивтік құжаттармен, фотосуреттермен және музей жәдігерлерімен танысты.

Батырлықпен қаза тапқан полиция қызметкері Амангелді Құсжановтың туыстары музей қорына оның өмірі мен қызметіне қатысты архивтік құжаттар мен естелік материалдарды табыстады.

Іс-шара барысында Халықаралық полиция қауымдастығы Ақтөбе филиалының директоры Анатолий Усенко ПД музейінің меңгерушісі Бибайша Өтеулинаға мерейтойлық медаль табыс етті.

Полиция департаментінің басшылығы акцияға қатысушыларға тарихи мұраны сақтауға және музей қорын толықтыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1223791?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді