Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Малик Е. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы ұйымдастырған мемлекеттік органдар, коммуналдық мекемелер өкілдері және МИБ төрағалары қатысқан кездесуге қатысты.
Іс-шара барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Өз құзыреті шеңберінде Малик Е. көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кездесуге қатысушыларды қолданыстағы заңнама нормалары және жекелеген проблемалық мәселелерді шешу тәртібі туралы хабардар етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/1223546?lang=ru

Жауап қалдыру