Астана үш бірдей FEI турнирін қабылдайды: Қазақстан әлемдік ат спортының жаңа деңгейіне қадам басты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28-31 мамыр аралығында Астанада Fédération Équestre Internationale (FEI) қолдауымен алғаш рет бір мезетте үш халықаралық турнир өтеді: FEI Әлем Кубогының кезеңі, FEI World Cup Challenge финалы және CDI1*/CDI3* халықаралық жарыстары.

Бұл жарыстар FEI-дің 2026 жылы Ахенде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Ең бастысы – қазақстандық спортшылар халықаралық рейтинг ұпайларын енді шетелге шықпай-ақ, өз елінде жинай алады.

Додаға Бразилия, Колумбия, Үндістан, Марокко, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Мысыр, Эквадор, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және өзге де елдердің шабандоздары қатысады.

Жарыс бағдарламасына халықаралық деңгейдегі конкур мен атпен мәнерлеп жүру сайыстары енген. Турнирдің шарықтау шегі –кедергілер биіктігі 160 см-ге дейін жететін Әлем кубогы кезеңінің Гран-при бәсекесі болады.

Астанада бірден үш FEI турнирінің өтуі Қазақстанның әлемдік ат спорты кеңістігіндегі орнын нығайта түсетін маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1224768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді