
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап өтіліп, бұл байланыстар мемлекет басшыларының дәйекті саяси бағыты мен екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуының нәтижесі екені айтылды.
Сондай-ақ салалық ведомстволар арасындағы практикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, киберқауіпсіздік және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу, қылмыскерлерді іздестіру бойынша үйлестіру, есірткі қылмысына қарсы күрес, қаруды сәйкестендіру, сондай-ақ кадр даярлау мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы технологиялық шешімдерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың келешегі сөз болды.
Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1223691?lang=ru

Жауап қалдыру