
2025–2026 оқу жылын аяқтау салтанатты іс-шарасы және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты әсіресе 4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты төмендегі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынамыз.
Мына төмендегі шараларды ұйымдастыруға және қаржы жинауға тыйым салынады:
* Педагогикалық әдептілік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруге;
* Мектепте, мектептен тыс орындарда мерекелік дастархан ұйымдастыруға, оқушылардың арнайы сәндік киімдерін алуға;
• Іс-шараларға аниматорларды, агенттіктерді және т.б шақыруға;
• Оқушылардың қатысуымен автокөлік шеруін өткізуге;
• Ойын-сауық орындарына, мейрамханаларға, кафелерге немесе қауіпті аймақтарға (тау бөктері және т.б.) баруға.
Бұл талаптар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұсынылуда.
Құрметті ата-аналар, білім беру ұйымдарының басшылары, осы талаптарды түсіністікпен қабылдап, балаларыңыздың амандығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Біздің негізгі міндетіміз – оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1224096?lang=ru

Жауап қалдыру