
Жобаға 14-35 жас аралығындағы еріктілер қатыса алады. Үміткерлердің мотивациялық эссесі мен портфолиосы сараланып, нәтижесінде үздік деп танылған 15 волонтер іріктеледі.
Іріктеу нәтижесінде 5 қатысушы Грузияға, 5 волонтер Әзербайжанға және тағы 5 жас Астана қаласына тәжірибе алмасу сапарына жолдама алады.
Жоба Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Қатысушылар шетелдік және өңіраралық волонтерлік ұйымдардың жұмысымен танысып, тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Өтінім қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1224723?lang=ru

Жауап қалдыру