БӘЙДІБЕК: «АДАЛ АТА-АНА – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Адал ата-ана – Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті.
 
Форумның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және бала тәрбиесіндегі отбасы мен қоғамның бірлескен жұмысының маңызын кеңінен түсіндіру.
 
Іс-шара барысында бала қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылық, жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында мазмұнды баяндамалар жасалып, қатысушылармен ашық пікір алмасу өтті.
 
Форумды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаев ашып, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – қоғам алдындағы ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
 
Өз сөзінде аудан басшысы:
– Баланың қауіпсіз әрі саналы ортада тәрбиеленуі – әр ата-ананың ғана емес, тұтас қоғамның міндеті. Жас ұрпақтың тәрбиесіне немқұрайлы қарауға болмайды. Бүгінгі форумның басты мақсаты – бала болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті күшейту, – деп атап өтті.
 
Шара барысында оқушылардың орындауындағы патриоттық әндер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, форум мазмұнын айшықтай түсті.
 
Жиын соңында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар қабылданып, оқу жылының аяқталуына байланысты балалардың өмір қауіпсіздігін күшейту, мектептен тыс іс-шараларды бақылауға алу, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты міндеттер белгіленді.
 
Форум қорытындысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ата-ана, мектеп және мемлекеттік мекемелердің өзара ықпалдастығын нығайту қажеттігі ерекше атап өтілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1224509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді