
Баланың өсіп-жетілуі, ақыл-ойының дамуы және иммунитетінің қалыптасуы ең алдымен дұрыс тамақтануға байланысты. Сондықтан балалардың күнделікті ас мәзірінің сапасына ерекше көңіл бөлу қажет.
Қазіргі уақытта балалар арасында артық салмақ, асқазан-ішек бұзылыстары, дәрумен жетіспеушілігі сияқты мәселелер жиі кездеседі. Оның негізгі себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау. Әсіресе фастфуд, газдалған тәтті сусындар, чипсы мен түрлі бояғыштары бар тағамдарды шамадан тыс пайдалану бала азғасына зиян келтіреді.
Мектеп жасындағы балалар үшін таңғы астың маңызы ерекше.Таңғы ас ішкен бала сабаққа белсенді қатысып, зейіні жақсы қалыптасады. Ал таңғы ас ішпеу әлсіздікке, тез шаршауға және оқу үлгерімінің төмендеуіне әсер етеді.
Балалардың тамақтануы 3,5-4 сағаттық аралықтан асырмай күніне үш немесе төрт реттік, ақуыз, көмірсу, май мөлшері жеткілікті құнарлы тамақтану ұсынылады.
Баланың күнделікті тамағы құнарлы, әрі теңгерімді болуы тиіс.Ас мәзірінде міндетті түрде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс – жидектер мен дәнді-дақылдар болуы қажет. Бұл өнімдер ағзаны қажетті ақуыз, дәрумен және минералдармен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, балаларды тамақтану мәдениетіне үйрету маңызды. Тамақты уақытында ішу, қол жуу ережесін сақтау, көкөніс пен жемісті таза жуып пайдалану – жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы.
Санитариялық – эпидемиолгиялық қызмет мамандары ата-аналарға балалардың тамақтануына жауапкершілікпен қарауға кеңес береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1224079?lang=ru

Жауап қалдыру