
2026 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Абай ауданы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы, Абай облысы бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы А.А. Ерембаева және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Д.А. Макаева Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 5-тармағының 2-тармақшасы негізінде (бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда тексеру және профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау) «Абай ауданы Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес бұйрықты орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Матеариал Абай облысы Бесқарағай аудандық сотына жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1223614?lang=ru

Жауап қалдыру