
18 мамырда Бас консул Е.Мұқашев Бавария Ландтагының Максимилианеум ғимаратында өткен «Еуропаның уақыты келді: ішкі және сыртқы тұрғыдан нығаю» атты іс-шараға қатысты. Іс-шараны Еуропалық қозғалыс Бавария және OWWF Bayern ұйымдары ұйымдастырды. Бағдарламада Еуропаның қазіргі саяси-экономикалық жағдайы, оның тұрақтылығы, егемендігі және әлемдік сын-қатерлер жағдайындағы даму бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында Бавария мемлекеттік министрі Э.Байсвенгер, Еуропалық салық төлеушілер қауымдастығының өкілі М.Йегер, Бавария экономикасы қауымдастығының басқарушы директоры Ф.Лайнвебер, Бавария экономикалық кеңесінің өкілі М.Тенбюкен және еуропалық сарапшы профессор М.-Б.-Боке сөз сөйледі. Бас консул іс-шара алаңында Еуропаның экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Бавария арасындағы өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-munich/press/news/details/1224395?lang=ru

Жауап қалдыру