БҮГІН МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, Қоғамдық кеңестің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес депутаттар аудандық және ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есептерді қарады. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева баяндама жасап, бюджет қаражатының игерілуі, кірістер мен шығыстардың орындалуы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, отырыста халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру бағытындағы Мансап орталығының қызметі қаралды. Орталық директоры Валерий Логвиненко баяндама жасап, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсіптік оқыту және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына бейімдеу, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы мәліметтер берілді.
Депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1224408?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді