Бүгін жұмыс жоспарыма сәйкес Егіндікөл ауылдық округінде болып, мемлекеттік қызметшілермен кездестім

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін жұмыс жоспарыма сәйкес Егіндікөл ауылдық округінде болып, мемлекеттік қызметшілермен кездестім. Кездесу барысында әдеп нормаларын, «Мемлекетік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларында көзделген шектеулер және мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сырт келбетіне қойылатын талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметте, қызметтен тыс уақытта қоғамдық жерлерде жалпыға бірдей қабылданған моральды-әдептік нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынатыны, әлеуметтік желілерде қоғамдық сыни пікір туғызатын, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін жарияланымдар шығаруға тыйым салынатыны ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1224447?lang=ru