Ер есімі — ел есінде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жезқазған қаласындағы №3 мектепте арнайы мақсаттағы «Сұңқар» бөлімшесінің жауынгері, полиция подполковнигі Ерден Балхашұлы Саутовқа арналған естелік тақтаның ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға батырдың туыстары, қызметтес әріптестері, ішкі істер органдарының ардагерлері, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.
Ерден Саутов осы білім ордасында оқып, жастайынан спорт пен әскери іске қызығушылық танытқан. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына шақырылып, арнайы мақсаттағы бөлімде қызмет атқарды. Кейін ҚР ІІМ-нің «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағында абыройлы еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен және батылдығымен ерекшеленді.
Салтанатты шара барысында мектептің «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілері мен ЖҚАЖ жауынгерлері арнайы өнер көрсетіп, патриоттық рухтағы бағдарламалар ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар арасында Ерден Балхашұлының құрметіне волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Тағылымды іс-шара жас ұрпаққа отансүйгіштік рух беріп, ержүрек офицердің есімін ұлықтауға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1224180?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді