
AMANAT партиясы Мәртөк аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен фракция мүшелері Кенсахара ауылындағы 100 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Ауылдағы жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда нысанда ішкі сырлау, әктеу және электр желілерін жүргізу жұмыстары қатар атқарылуда. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, негізгі құрылыс жұмыстары маусым айында толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал жаңа білім ордасы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға толық дайын болады.
Мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер де анықталды. Атап айтқанда, мектеп аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілмейтіні белгілі болды. Оның себебі — бастапқы сметалық-жобалау құжатында мектептің жылу қазандығы мен спорт алаңы қарастырылмаған.
Соның салдарынан абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаражат есебінен жылу қазандығы мен спорт алаңы салынған.
Аталған мәселеге назар аударған депутаттар мен комиссия мүшелері бұл жағдайды құжат жүзінде нақтылап, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет деген шешім қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1224539?lang=ru

Жауап қалдыру