ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ – ЕЛ СЕНІМІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2026 жылғы 17 мамырда өткен сайлаудың қорытындысы негізінде сайланған Әбутәліп Бахтиярұл Тәжібайды Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 20 мамыр күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі етіп тіркеді.

      Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Дүйсенбай Айтқалиұлы Атағараев сайланған әкімге Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігін табыстады.

      Шара барысында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаев сөз сөйлеп, көпшілік дауыспен жеңіске жеткен жаңа әкімді құттықтады.

      Әбутәліп Бахтиярұлы – 1998 жылы дүниеге келген.

      2017 жылы – «Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК, 2022 жылы – Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған. Білімі жоғары. Отбасылы.

      Еңбек жолын 2017 жылы Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығында «жастар практикасы» қызметімен бастаған.

      2017 жылдың қараша айынан бастап осы уақыт аралығында «Мұнайшы ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, бас маман, әкім орынбасары лауызымдарын атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1224479?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді