ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ТАСҚОПАДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі А.Жақсылықовтың жоспарлы есептік кездесулері Тасқопа ауылдық округінде жалғасын тапты.

Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Б.Нұрсұлтанов округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған шараларға тоқталды.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, бірқатар мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесу аясында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңыздылығы да айтылып, ауыл тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар тарапынан ауылдың инфрақұрылымы, абаттандыру және әлеуметтік салаға қатысты ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, аудан басшысы сапар барысында Тасқопа ауылындағы тарихи-мәдени нысандармен де танысып, 2019 жылы Сармат көсемі табылған Қособа қорымын қарады. Бұл бірегей жәдігер — Ақтөбе өңіріндегі алғашқы әрі Қазақстандағы сегізінші «Алтын адам» ретінде тарихи маңызға ие. Қазіргі таңда қорым айналасына кешен салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1224380?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді