II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:

1. “Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі”

2. “Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар”

3. “Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады”

Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.

Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru

Қатысу талаптары:

Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;

Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;

Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;

Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy/press/news/details/1224333?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді