КЕНТАУДА ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР МЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНЕ МОНИТОРИНГ КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде заңсыз құрылыс нысандары, пайдаланылмай жатқан жер телімдері және «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы қаралды.Қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Данияр Байсеитов қала аумағында жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірқатар нысандарда заң талаптарының сақталмағаны анықталғанын баяндады. Заңсыз орнатылған 39 жеңіл конструкциялы дүңгіршектің 35-і ерікті түрде алынса, 3-еуі мәжбүрлі түрде бұзылды.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Баубек пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндады.

Жиын қорытындысында қала әкімі жауапты сала басшыларына заңсыз құрылыстарға бақылауды күшейтіп, жерді тиімді пайдалану және қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1224133?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді