
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев қала шағынаудандары мен тұрғын алаптарының тұрғындарымен бірқатар жеке кездесулер өткізді.
Ашық диалогтар Васильковский, Көктем, Сарыарқа, Орталық, Бірлік, Автогородок, Перзентхана ауданы, Вокзал маңы, Элеватор, Застанционный, Жайлау, Зеренді саяжайлары, қала орталығы, Бармашино, Чайкино және Құлагер тұрғындарымен өтті.
Айта кету керек, кездесулер бір жалпы форматта емес, әрбір аудан бойынша бөлек өткізілді. Бұл нақты шағынаудан мен тұрғын алап тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді жан-жақты қарауға мүмкіндік берді.
Кездесулер барысында жол жөндеу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, сумен қамту, жарықтандыру, аумақтардың санитарлық жағдайы, коммуналдық қызметтердің жұмысы және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.
Әрбір өтініш бойынша жауапты бөлімдер мен қызметтерге нақты тапсырмалар берілді. Барлық мәселелер бақылауға алынды, тұрғындармен кездесу жұмыстары жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1224777?lang=ru

Жауап қалдыру