Көкшетау қаласындағы техникалық мектеп-лицей аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, білім беру мекемесінің акт залында LED-экранның жануы орын алған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін нысан әкімшілігінің төтенше қызметтерді хабардар ету және ғимараттан адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша іс-қимылдары пысықталды.

Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына жедел жету, күштер мен құралдарды жаю, сондай-ақ өрт ошағына барлау жүргізу мәселелерін пысықтады. Нысанның ерекшеліктері мен өрт сипатын ескере отырып, шартты зардап шеккендерді эвакуациялау және өртті сөндіру әрекеттеріне ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік бөлім аяқталғаннан кейін оқу-жаттығуға қатысушылардың іс-қимылдарына талдау жүргізіліп, онда қызметтердің өзара іс-қимылы, әрекет ету алгоритмдерін сақтау және ықтимал төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мәселелері қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1223773?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді