
Костанай аудандық пробация қызметінде бас бостандығын шектеу жазасына сотталған азаматқа қатысты жаза түрін ауыстыру бойынша сот өтті.
Сотталған азамат пробация есебінде тұру барысында бірнеше рет жазаны өтеу тәртібін бұзып, тұрғылықты мекенжайында болмау, тіркеуге келмеу және рұқсатсыз Қостанай қаласына шығу фактілеріне жол берген. Құқық бұзушылықтар электрондық бақылау білезігі арқылы анықталды.
Сот қаулысымен жазаның өтелмеген бөлігі 1 жыл 3 ай 28 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, орташа қауіпсіздік мекемесіне жіберілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1224393?lang=ru

Жауап қалдыру