
8 мамыр күні Бас консулдық Германияның Ландсхут (Бавария федералдық жері) қаласында өткен Наурыз мерекесіне қатысты. Аталған іс-шара Орталық Азия халықтарының көктем мерекесін кеңінен насихаттауға және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталды. Мереке аясында қонақтарға ұлттық фольклорлық билер мен музыкалық қойылымдар ұсынылып, аймақ мәдениетінің бай дәстүрлері мен ерекшеліктері таныстырылды.
Іс-шара барысында келушілер палау, самса, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі шай рәсіміне қатысып, ұлттық киімдерде естелік суреттерге түсу мүмкіндігіне ие болды. Мереке достық атмосферада өтіп, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды, сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністік пен мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-munich/press/news/details/1224387?lang=ru

Жауап қалдыру