
2026 жылы 20 мамырда «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалының архивисті Э.Ж.Кожахметова 55 жылдығына арналған «История города – гордость поколений» тақырыбы бойынша Лисаков техникалық колледжінің 1 курс студентеріне лекция өткізді.
Эльнара Жумағылқызы Лисаков қаласының құрылу тарихын баяндады. Дәріс барысында мемлекеттік архив маманы қаланың туған күні неліктен 1971 жылы 12 тамызда атап өтілетінін? 1967 жылы Лисаков тау-кен байыту комбинаты салынып, өсіп келе жатқан жұмысшылар кентіне ресми түрде «Лисаковск» атауы берілді. 1971 жылы 12 тамызда қалалық кенті облыстық маңызы бар қаланың ресми түрде алды. Бұл күн Лисаков туған күні болып саналады.
Лекцияны мемлекеттік архив маманы студентерімен викторинамен қорытындылап, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1224273?lang=ru

Жауап қалдыру