
Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін «жаңа Конституцияның негізгі новеллалары»тақырыбында семинар өткізілді. Спикер ретінде құқықтық түсіндіру және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Балгүл Құдесова сөз сөйледі.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ олардың құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызы қаралды. Қатысушыларға заңдылық пен конституциялық реформалардың негізгі қағидаттары түсіндірілді.
Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңартылған Конституцияның жекелеген ережелері бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер алды.
Баспасөз қызметі
Әділет департаменті
Қостанай облысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1224212?lang=ru

Жауап қалдыру