«Меритократия қағидаты- ашықтық пен әділдіктің көрінісі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы меритократия қағидатын дамытуды көздейді.

      Аталған бағдарлама, мемлекеттік қызметке іріктеу және еңбек сіңірген, құзыреті және кәсіби дағдылары бойынша қызмет бабында ілгерілетуді жүзеге асырады.

      Бұл, нағыз лайықты адамдарды анықтау әдістерін жетілдіру-адам ресурстарымен жұмыс істеу тәсілдерін жан-жақты қайта қарауды талап ететін мәселе.

       Меритократия – қызметшінің жетістігіне, тиімділігіне, білімі мен қабілетіне қарай бағалануын білдіретін маңызды қағидат.

       Меритократияны тиімді жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, кәсіби дамуға ынталандырады. Өз кезегінде бұл мемлекеттік аппараттың сапасын жақсартып, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігіне оң әсерін береді.

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті кадрлық ілгерілеу мониторингін тұрақты түрде жүргізіп отырады.

        Мәселен, статистикалық деректерге сәйкес 2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша бос орындарға жарияланған ішкі конкурстар нәтижесінде 19 мемлекеттік қызметші тағайындалған, олардың ішінде 13 бұрын төменгі лауазымдарды атқарды. Мысалы, Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратының бөлімі басшысы Е.Жұпбан ішкі конкурс арқылы Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

        Демек, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарында меритократия үлесі айтарлықтай жоғары.

       Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер меритократия қағидаттарын одан әрі жан-жақты іске асыруды көздейді.

       Бүгінде мансаптық ілгерілеу заңнамадағы жаңа түзетулердің, олардың жұмысын бағалау қорытындысы бойынша тиімді мемлекеттік қызметшілер лауазымын жоғарылатудың арқасында да мүмкін болды.

       Егер бұрын тоқсан сайынғы бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не жұмыстан шығару бойынша негіз болса, сонымен қатар, бағалаудың оң қорытындысы мемлекеттік орган ішінде неғұрлым жоғары лауазымға көтерілу үшін негіз болды.

        Мысалы, нәтижелі қызмет атқарғаны үшін Қарақия ауданы әкімі аппаратының бас маманы Г.Шәріп және  Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы А.Ж.Нұрбергенова  бағалау қорытындысы бойынша жоғары тұрған лауазымға тағайындалды.

        Бұл мемлекеттік қызметте басқаруға лайықты, біліктілігі жоғары, кәсіби мамандардың келуін көздейтін меритократия қағидатын жетілдірудің ерекше маңыздылығын атап өткен жөн.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы

Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1224126?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді