«Өрт-2026».

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғаныс қызметтерімен «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Сандықтау ауданы аумағында ағымдағы жылдың 28–29 мамыр күндері өтетін оқу-жаттығуды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің өкілдері оқу-жаттығуға тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады.

Сонымен қатар азаматтық қорғаныс қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру, міндеттерді нақтылау және тартылатын күштерді бөлу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша практикалық іс-шаралар өткізілетін орындар мен табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі бірлескен іс-қимыл алгоритмдері нақтыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1224726?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді