Павлодарда қаланы көгалдандыру және жасыл қорды жаңарту жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов жергілікті кәсіпкердің қолдауымен 50 түп жөке ағашы отырғызылған саябақта болды. Облыс әкімі бастама көтеріп, қаланы абаттандыруға қосқан үлесі үшін кәсіпкерге алғысын білдірді.

Жаңа ағаштарды отырғызу облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыру бойынша кешенді науқанның бір бөлігіне айналды. Жұмыстар дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Кешенді жұмыстар аясында ескірген және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу, ұзақ әсер ететін минералды тыңайтқыштар енгізе отырып тозған топырақты ауыстыру, сондай-ақ ірі көлемдегі ағаштарды отырғызу қарастырылған.

Өткен жылы Павлодарда шамамен 600 жөке ағашы отырғызылды. Қаланың негізгі көшелері бойында да ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Естай көшесінен Толстой көшесі аралығындағы Назарбаев даңғылында 148 жөке ағашы, ал Ак. Сәтбаев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі Ак. Шөкин көшесінде 152 түп жөке ағашы егілді.

2026 жылы қала көшелерінде 900-ден астам ағашты қайта жаңарту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Астана көшесінде, Ак. Бектұров көшесінде, сондай-ақ Қайырбаев көшесі бойындағы шағын саябақта 200-ден астам ұсақ жапырақты жөке ағашы отырғызылды. Сонымен қатар Назарбаев даңғылы бойындағы облыстық тіс емханасынан Ак. Шөкин көшесіне дейінгі аумақта 80 жөке ағашын отырғызу арқылы жасыл желекті қайта жаңарту көзделген.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2026 жылы өңірдегі ең ірі экологиялық жобалардың бірі – Павлодардың жасыл белдеуін қалыптастыру жұмыстары жалғасады. Шарбақты көпірінің арғы бетінде шамамен 17 мың көшет отырғызу жоспарлануда. Жоба үшін ауа-райына және қалалық жағдайларға барынша төзімді ағаш түрлері таңдалды: ақ терек, тал, қарағай, сирень, үйеңкі және шаған.

Асайын Байханов көшет отырғызу жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді, көшеттердің жоғары деңгейде жерсінуін қамтамасыз етуді, жүйелі күтімді ұйымдастыруды және облыс орталығының жасыл қорын кешенді жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1223959?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді