Қандыағаштағы жаңа «Келешек мектебінде» «Жас ғалым» жобасы іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды.

 Қандыағаш қаласында өңір басшысы алдымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №6 мектепті аралады. Білім беру мекемесі биыл мамыр айының басында ашылды. Мектеп 600 орынға шақталған.

Мектеп кіреберісінде облыс әкімін білім саласының ардагерлері қарсы алды. Олар балалардың сапалы білім алуы үшін заманауи жағдай жасалғаны үшін Президентке алғыс білдіріп, бүгінде ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім алып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктері айтарлықтай артқанын атап өтті.

Мектепте Асхат Шахаров оқу кабинеттерін, STEM- зертхананы, робототехника және информатика кабинеттерін, спорт залдарын, шеберханаларды және мектеп кітапханасын аралап, оқушыларға жасалған жағдайлар мен материалдық-техникалық жабдықталу деңгейімен танысты.

Облыс әкімі сондай-ақ құрылған инфрақұрылымның сапасын, заманауи білім беру кеңістіктерінің уақыт талабына сәйкестігін алға тартып, педагогикалық ұжыммен мектепті одан әрі дамыту және оқу процесінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Педагогтер облыс әкіміне оқу орнының білім беру процесіне енгізілген «Жас ғалым» жобасы және оның беретін мүмкіндіктері туралы айтты.

Мектеп директоры Нұрбол Ибраев жобаға Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің оқытушылары үлкен қолдау көрсетіп отырғанын тілге тиек етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1224683?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді