Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан рецидивист ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан рецидивист ұсталды. Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан күдіктіні ұстады. Операцияны қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі жүргізген. 43 жастағы жергілікті тұрғын кезекті «жасырын қойманы» орналастыру кезінде қолға түскен. Күдіктінің психотроптық заттардың әсерінде болғаны анықталды. Тінту барысында одан ақ түсті ұнтақ зат салынған 20 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грамнан асатын «A-PVP» психотроптық заты болып шыққан. Тергеу барысында күдіктінің планшетінен әлеуметтік желілер арқылы белгісіз куратормен хат алмасқаны анықталды. Полицейлердің болжамынша, аталған тұлға оның заңсыз әрекеттерін үйлестіріп отырған. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс үшін сотталғаны белгілі болды. Жаңа құқық бұзушылық жасаған сәтте оның бұрынғы соттылығы әлі өтелмеген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1223688?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді